конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

Білім және ғылым 08.07.2026, 16:49 158 yakiya
 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы, eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып қағаз түрінде тапсыруға болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Министрлік "Келешек мектептеріне" қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға басымдық берілетінін атап өтті. Сонымен қатар ата-аналар немесе заңды өкілдер бос орын болған жағдайда кез келген мемлекеттік мектепке өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы тиіс. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:

  • баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;

  • №065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы;

  • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Өңірлер бойынша құжат қабылдау мерзімдері:

  • 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Абай облыстары;

  • 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары;

  • 18 маусым – 31 тамыз: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;

  • 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Министрлік барлық өңірде құжат қабылдау әртүрлі күндері басталғанымен, 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1-сынып
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);