1-сыныпқа баратын балалардың 70 %-дан астамы қазақ тілінде оқуды таңдаған

1-сыныпқа баратын балалардың 70 %-дан астамы қазақ тілінде оқуды таңдаған Сурет: Kazbilim.kz

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады.


Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 1-сыныпқа қабылдауға түскен 250 мыңнан астам өтініштің  ішінде балалардың 70,5 %-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылды. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыруға болады.



«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүріп жатыр. Осы ретте құжаттарды тапсыруда ата-аналардың белсенділігін байқауға болады. Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін 1-сынып балалары көбейді. Қазақ тілінде оқитын сыныптарға қабылдаудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (91%), Қызылорда (91,5%), Жамбыл (82,2%) және Атырау (80,1%) облыстарында тіркелді», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барлығы 400 мыңнан астам бала бармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17