Әлемде жыл сайын 5 триллионға дейін бір рет қолданылатын пластикалық пакет пайдаланылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Министрлік азаматтарға матадан жасалған бір сөмкенің, қанша пластик пакетті алмастыра алатынын айтты.
"Бір қарағанда, балама қарапайым – көп рет қолданылатын сөмке. Алайда мұнда ескеретін маңызды жайт бар: оның экологиялық тиімділігі сөмкені қанша уақыт пайдаланатынымызға тікелей байланысты", – делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2026 жылғы 11 тамызда Telegram-арнасында жариялаған ақпаратында.
БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының мәліметінше, мақтадан жасалған бір сөмке экологияға бір реттік пластикалық пакеттен аз зиян келтіруі үшін оны шамамен 50–150 рет пайдалану қажет.
Яғни, көп рет қолданылатын сөмке сатып алу жеткіліксіз — оны мүмкіндігінше ұзақ уақыт пайдалану маңызды.
"Маңыздысы – көп рет қолданылатын затты жәй ғана алу емес, маңыздысы, оны шынымен де қайта-қайта пайдалану. Барлығын қарапайым нәрседен бастау керек. Бір сөмкеден. Бір әдеттен. Табиғатты қорғауға бағытталған бір таңдаудан", – деп Экология министрлігі қазақстандықтарды экологиялық бастамаға шақырды.
Сурет: Telegram/EcologyofQazaqstan
