AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / 1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күші...

1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді

Билік Бүгін 11:32 46 yakiya
 1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді
Сенат

"ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Парламенттің бірлескен отырысында айтты.

Бірлескен отырыста "ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

"Еліміздің тарихи болмысын ескере отырып, бүгінгі күні біз ел билігінің жүйесінде "Парламент" сөзін "Құрылтай" ұғымына ауыстырып қайта енгізіп отырмыз.  Алайда заманауи Құрылтай, бұрынғы тарихи Құрылтайды қайта құру емес.  Қазіргі Құрылтай заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде жаңа мән-мағынаға ие болып, қоғамдық биліктің конституциялық жүйесіне кіретін қазіргі заманғы өкілді институт болып табылады", – деді мәжілісмен. 

Заң жобасына сәйкес, Құрылтайдың құрамы 145 депутаттан тұрады. Олар пропорционалдық жүйе бойынша сайланады және  олардың өкілдік мерзімі 5 жыл болып белгіленіп отыр.

"Заң жобасы Құрылтайдың мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын, қызметінің қағидаттарын, құрылымын, қалыптастыру тәртібін, сондай-ақ оның өкілеттіктерін жүзеге асыру нысандарын айқындайды.  Сондай-ақ, Құрылтайдың заңдарды қабылдау, мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысу және парламенттік бақылаудың тетіктерін жүзеге асыруды қамтитын құзыреті белгіленеді. Бұдан басқа, заң жобасы Құрылтайдың Үкіметпен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды", – деп түсіндірді Айдос Сарым.

Құжатта Құрылтай – Парламенттің құқықтық мирасқоры болатыны туралы норма бар.

Заң жобасы осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Осылайша "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының күші жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды

Бүгін 10:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);