1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Сурет: Wallhere.com

Синоптиктер бүгінгі күн райын болжады


«Қазгидромет» РМК мекемесі 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарына әсер етеді. Соның салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады.


Оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста жел күшейеді. Оңтүстік-батыста - шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста - бұршақ, солтүстік-шығыста және орталықта - тұман күтіледі.


Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.


Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында күн күркіреп, бұршақ жауады. Жел қарқыны - 17-22 м/с.


Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының шығысында күн күркірейді, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі.


Павлодар облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл көтеріледі. Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады.


Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12