Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / 1 қазанда жыл сайынғы Алматы марафоны жарысы өтеді

1 қазанда жыл сайынғы Алматы марафоны жарысы өтеді

Не? Қайда? Қашан? 27.09.2023, 05:34 1,415
1 қазанда жыл сайынғы Алматы марафоны жарысы өтеді
almaty-akshamy.kz

Алматы марафоны - Орталық Азиядағы ең ірі жарыс, биыл 1 қазанда он екінші рет өтеді. Алматы марафоны AIMS Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығына кіреді, марафон трассасы World Athletics стандартына сәйкес сертификатталған. Биыл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 15 000 спортшы қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Марафонға 15 жастан асқан тілек білдірушілер 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, 10 шақырым скандинавиялық жүріске және Экиден командалық эстафетасына қатысуға болады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған. Мәреге жеткен қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасындағы жас санаттарындағы үздік үштік медальмен, грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталады. 21,1 шақырым және 42,2 шақырым абсолютті жеңімпаздарда ақшалай сыйлық беріледі.



Дәстүрлі іс-шара аяқталғаннан кейін жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық жобаларды қолдауға жіберіледі. 2022 жылы Қаскелең мен Талғардағы мүгедектігі бар балаларға арналған екі мектеп-интернатқа, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді. Бұған қоса, «Одиннадцать друзей Максима» командасына «Flying Start racing Wheelchair» он жарыс арбасы табысталды.



Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.


Марафонға қатысу үшін almaty-marathon.kz сайтына тіркеліп, қатысу ақысын төлеу қажет. Қазіргі уақытта 21,1 км, 42,2 км қашықтыққа, скандинавиялық жүріс пен Экиден эстафетасыне тіркелуге болады.


Марафонды өткізуге байланысты 1 қазанда сағат 7:00 - ден 13: 30-ға дейін жарыс өтетін жерлерде жолдарда көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жол қиылыстары туралы өзекті ақпаратты Алматы жолы Телеграм-каналынан https://t.me/AlmatyJoly және қаланың ресми Instagram парақшасында https://www.instagram.com/akimat_almaty/) көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика