AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер...

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Алматы Бүгін 19:09 39
Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Алматыда 40 жылдан астам уақыт пайдаланылып келе жатқан жылу желілері жаңғыртылады, шамадан тыс жүктеме түскен электр қосалқы станциялары жаңартылып, апаттық өшірулердің ұзақтығын азайтуға арналған технологиялар енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елдің ең ірі мегаполисінің тұрғындары үшін бұл – жылумен қамтудың тиімділігін арттыруды, электр энергиясын берудегі өшірулер қаупін азайтуды және қолданыстағы желілерге артық жүктеме түсірмей-ақ жаңа тұрғын аудандарды қосуға мүмкіндік береді. Жобалардың іске асырылу барысы мен құрылыс жұмыстарының басталуына кедергі келтіретін мәселелер «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасының көшпелі мониторингі барысында қаралды.

Мониторинг ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың басшылығымен өтті. Қатысушылар Алғабас  шағын ауданындағы 2-ЖЭО нысандарында болып, жылу магистралін қайта жаңарту барысымен танысты. Содан кейін коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен өткен кеңесте қаржыландыру, жобалардың дайындығы және құрылыс кестелерінің сақталуы мәселелерін қарастырды.

Ең ірі жобалардың бірі – 2-ЖЭО-дан Батыс жылу кешеніне дейінгі жылу магистралін қайта жаңарту. Оның құбырлары 1980-шы жылдардан бері жұмыс істеп тұр. Нормативтік қызмет ету мерзімі 25 жыл болса да, олардың пайдаланылып келе жатқанына төрт онжылдықтан асқан. Кәсіпорынның мәліметінше, құбыр қабырғалары кей жерлерде шамамен үштен бірге дейін жұқарып кеткен. Соның кесірінен құбырларға қажетті температура мен жоғары қысымды беру мүмкін болмай отыр.

«Алматы электр станциялары» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - бас инженері Бауыржан Қалиевтің айтуынша, бұл магистральды жаңарту мәселесі он жылдан астам уақыт бойы талқыланған, бірақ қаржылық мәселенің шешілмеуіне байланысты жұмыс басталмаған.

«Магистраль біздің қарамағымызға өткен кезде-ақ әбден тозып тұрған еді. Құбырларды ауыстыру туралы сөз қозғалғанына он жылдан асты. Осы уақыт ішінде Жол картасы бекітіліп, жобасы да дайындалды, бірақ қаржыландыру болмағандықтан жөндеуді бастай алмадық. Осы мәселені шешуге Ұлттық жоба септігін тигізді, соның арқасында енді іске кірістік», – деді Бауыржан Қалиев.

Бүгінде мердігер ұйым анықталып, мүмкіндік бар учаскелерде жер қазу жұмыстары басталып кетті. Қолданыстағы екі құбырдың жанынан қайтаратын үшінші магистраль тартылып жатыр. Ал ескі құбырларды ауыстыру жұмыстарын 2027 жылғы жылыту маусымы аяқталған соң бастау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын толығымен 2030 жылға дейін аяқтау көзделіп отыр.

Материалдардың сапасына ерекше мән берілуде. Жаңа құбырлардың үлгілері техникалық талаптарға сай екенін растау үшін тәуелсіз зертханалық тексеруден өтеді. Жылу магистралін жаңарту 2-ЖЭО-дан қалалық жүйеге жылу берген кезде апаттардың алдын алуға және жылудың босқа ысырап болуын азайтуға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстары тұрғын үй орамдарының (кварталдардың) ішкі желілерін де қамтиды. Яссауи, Жайдарман, Әшімов және Райымбек көшелерінің маңында 2,1 шақырым жылу желісі қайта жөнделеді. Бұл желілер 30 көпқабатты үйді, 4 жеке үйді, 5 денсаулық сақтау мекемесін және тағы 18 нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жиында Өтепов, Жароков және Әшімов көшелерінің төңірегіндегі жылу магистралін қайта жаңарту жобасы да талқыланды. Бұл жобаның құны – 3,05 миллиард теңге. Алайда құрылысқа дайындық жұмыстары өтінімнің қайта-қайта пысықтауға қайтарылуына байланысты созылып кеткен. Вице-министр бұл кешіктірудің себептерін анықтап, ескертпелерді жоюды және жобаны тезірек іске қосу үшін қаржыландырудың ең тиімді жолын табуды тапсырды.

Электрмен қамту саласында да ауқымды жаңарту жұмыстарын іске асыру жоспарланған. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ берген мәліметке сүйенсек, кәсіпорын инфрақұрылымының 84%-ы тозған, ал тұтыну көлемі жыл сайын 6-7%-ға өсіп отыр.

Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары 7,8 мыңнан астам тұтынушыны жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Театральная» қосалқы станциясын да қамтиды. Мұнда 1978 жылы орнатылған құрал-жабдықтар әлі күнге дейін қолданылып келеді, ал трансформатордың жүктемесі рұқсат етілген шектен асып кеткен. Соңғы үш жылда бұл жерде 4 рет апатты өшу жағдайы тіркелген. Енді бұл ескі станцияның орнына жаңасын салып, трансформаторлардың жалпы қуатын 2,5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа тұрғындарды жарыққа қосуға мүмкіндік береді.

Тағы үш жоба аясында тозығы жеткен кабель желілері ауыстырылады. Сонымен қатар Бостандық ауданындағы 11 трансформаторлық қосалқы станциясы бар учаскеде электр желілерін автоматты түрде басқару жүйесін енгізу жоспарланған. Егер апат болса, бұл жүйе зақымдалған аумақты оқшаулап, желіні небәрі 18-60 секунд ішінде қайта қоса алады. Мұндай жылдамдық апат болмаған көрші аумақтағы тұрғындардың жарықсыз қалу уақытын барынша азайтады.

Алматыда Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісім аясында қаржыландырылатын электрмен қамтуға байланысты 8 жоба қарастырылған. Жиында «АЖК» өкілдері компанияның Алматы қаласы мен Алматы облысындағы барлық 14 жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу жеңімпаздары анықталғанын хабарлады. Сонымен бірге халықаралық қаржы ұйымдарынан алынатын заемдарды субсидиялау және тарифтерді реттеу мәселелері қарастырылуда. Тиісті нормативтік өзгерістерді 1 қарашаға дейін қабылдау жоспарланып отыр.

Кеңесті қорытындылай келе, Асан Дарбаев жобалардың дайындығын тездетіп, бекітілген кестені қатаң сақтау қажеттігін баса айтты. Әсіресе, инфрақұрылымы әбден тозған кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінді.

«Инфрақұрылыммен айналысу керек, ол өзінен-өзі жақсарып кетпейді. Біз үшін апаттардың шынайы көрінісін көру, желілердің тозуы қаншалықты азайып жатқанын және жаңғыртуға қатысты тағы қанша қажеттілік бар екенін түсіну маңызды. Алматы –  үлкен қала, бұл жерде тығыз салынған ғимараттар мен жолдағы көлік кептелісіне байланысты қиындықтар бар. Дегенмен, қаржы бөлінгеннен кейін кәсіпорындар кестені қатаң сақтап, жоспарланған жұмыс көлемін толық орындауы тиіс. Мердігерлер құрылысты уақытында бастай алуы үшін 31 желтоқсанға дейін келесі жылғы жобалар бойынша конкурстық процедураларды аяқтау қажет», – деді  вице-министр.

Мониторинг қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға құжаттарды келісуді тездету, қаржы тартылғанда пайда болатын кедергілерді жою және құрылыс кестелерін қатаң сақтау тапсырылды. Сондай-ақ жабдықтар мен материалдарды жеткізуде отандық өндірушілердің үлесін арттыруға да ерекше мән берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасының іске асырылуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Осы жұмыс аясында бүкіл ел бойынша көшпелі тексерулер жүргізіліп жатыр. Онда жобалардың барысы, мерзімнің сақталуы және қаржыландыру мәселелері тексеріліп, анықталған түйткілдерді жедел шешу жолдары қарастырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Алатау Жарық компаниясы»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);