AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / 1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей деклара...

1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады

Қаржы 30.10.2023, 07:50 1,813
1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады
Сурет: Baq.kz

Жалпыға бірдей декларациялау






Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ-кезеңі басталады, бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» (250.00-нысанды) декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





 
Егер Сіз жоғарыда аталған тұлғалардың санатынан болсаңыз, бірақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмасаңыз немесе тоқтата тұрсаңыз онда Сізге заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беруге кеңес береміз.
 
Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екеніңізді, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екеніңізді мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп, тексеруге болады www.kgd.gov.kz:
 
https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable/list 
https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search_unreliable 
https://kgd.gov.kz/kk/services/taxpayer_search/entrepreneur 
 
250.00-нысандағы салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарына 15-шілдеден кешіктірмей - қағаз түрінде, электронды түрде - 15-қыркүйектен кешіктірмей «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары арқылы ұсыну қажет.
 
2024 жылы 250.00-нысанды ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысанда) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.
 
Декларацияны уақытылы ұсынбағаны үшін алғашында ескерту қарастырылған, ал бір жыл ішінде қайталап аталған заң бұзушылық жасалса - 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жалпыға бірдей декларациялау #1 қаңтар #3 кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика