ffin.kz

1 қаңтардан бастап Алматыда зейнетақы өсті

1 қаңтардан бастап Алматыда зейнетақы өсті Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтылды.


Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов өзгерістер туралы айтып, өткен жылды қорытындылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


"Жалпылама алғанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті мемлекеттік қызметтердің 14 түрін көрсетеді, оның ішінде 13-і - зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша.


2022 жылы барлығы 114 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 


Департамент мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді немесе 35-тен астам зейнетақы және әлеуметтік төлем түрлерін тағайындайды. 
Алматы қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны - 360 мың адам, бұл ретте бір адам бір мезгілде түрлі жәрдемақылар мен, әрине, зейнетақыларды алушы бола алатынын ескеру қажет. Жалпы, бізде Алматы қаласы бойынша жасы бойынша 236 мың зейнеткер және түрлі жәрдемақылар мен төлемдер алатын 120 мыңнан астам азамат бар.


2022 жылы 114 мың жаңа төлем тағайындалды, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақылар бойынша 91694 мемлекеттік қызмет көрсетілді.


Мысалы, 10580 азаматқа жасына байланысты зейнетақы, 11893 азаматқа базалық зейнетақы төлемі тағайындалды, Алматының 3924 тұрғынына мүгедектігі бойынша жәрдемақы,18-жасқа толмаған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 1200 ата-анаға жәрдемақы, 38105 жаңадан туылған балаға берілетін бала туылуына және оның бір жасқа дейін күтіміне арналған жәрдемақылар, 4666 отбасына көп балалы отбасыларға жәрдемақы және тағыда басқа мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалды, - деді спикер.


 Асқар Аймағамбетов ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті ұсынған бірқатар әлеуметтік шаралар көзделгенін атап өтті. 
Шаралардың бірі – әйелдердің зейнеткерлік жасын өсірмеу, яғни 2028 жылға дейін 61 жас деп белгілеу.
Осылайша, 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды.


Сонымен бірге, әртүрлі әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде пайдаланылатын базалық көрсеткіштер «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен бекітілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленді:
– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3450 теңгені құрайды;
– ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД) – 40 567 теңге;
– ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге.


2023 жылы жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 еселенген АЕК-тен (189 750 теңге) аспайтынын атап өткен жөн. 


Биылдан бастап, тиісінше, жоғарыда аталған көрсеткіштермен байланысты әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар өсті.


 Жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері 10,5 пайызға өсті. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыстың ұлғаюына байланысты, егер олардың орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 46 еселенген АЕК есептеу кезінде шектелген болса, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шыққан зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері ұлғайтылады. Бұл ретте 55 АЕК шегіндегі кірісті негізге ала отырып есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 10,5%-ға жоғары болуы мүмкін емес.


Орта табысы 46 АЕК-тен аспаған немесе зейнетақысы бұрынғы қолданыста болған зейнетақы заңнамасы ескеріле отырып, бұрыннан тағайындалған барлық зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 пайызға өсті. 


Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі төленеді, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірленген жұмыс өтіліне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі қосылады, ол жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңділігі бойынша айқындалады.


2023 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін есептеу тәртібі біршама өзгерді. Егер бұрын 0-ден 10 жылға дейінгі еңбек өтілі болған жағдайда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) 54 пайызын құраса, онда биылғы 1 қаңтардан бастап бұл пайыз 60-қа дейін көтерілді. 10 жылдан асатын әрбір толық жыл үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері екі пайызға артады, бірақ жалпы алғанда 100 пайыздан аспайды.


Мәселен, жиынтық жалпы өтілі 25 жыл болған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшері 2023 жылғы қаңтардан бастап КД мөлшерінің 90%-ын құрайды (бұрын қолданыста болған нормалар бойынша 84% еді).


Ал 30 жыл және одан жоғары болған жағдайда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы мөлшерінде есептелетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07