Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымкентте көз жұмған 21 жастағы Нұрайдың ағасы Тоқ...

Шымкентте көз жұмған 21 жастағы Нұрайдың ағасы Тоқаевқа алғыс айтты

Оқиға 21.01.2026, 17:10 279
Шымкентте көз жұмған 21 жастағы Нұрайдың ағасы Тоқаевқа алғыс айтты
Коллаж

Шымкентте кісі қолынан қаза болған 21 жастағы студенттің ағасы Сұлтан Серікбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның ағасы бұл туралы Threads-парақшасында жазды.

"Президентімізге мың алғыс! Көп нәрсе айтқым келеді, бірақ дәл қазір емес. Уақыты келе толықтай бүкіл жағдайды айтып беретін боламын. Қазір бізге ең бастысы "сот" процесінің әділ және онлайн форматта өтуі. Сенемін", – деп жазды ол.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударған болатын. Президенттің сөзінше, осы оқиға бойынша 130-дан аса өтініш келіп түскен.

"Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды.

Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков жұмысынан босатылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Ақорда #шымкент #Нұрай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика