AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / 24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дау...

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Референдум 15.03.2026, 19:48 357 Сұлу
24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум күні Алматыдағы дауыс беру учаскелерінде тұрғындар үшін түрлі мәдени және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды. Қаланың әр ауданында концерттер өтіп, фотоаймақтар, жәрмеңкелер мен балаларға арналған ойын алаңдары жұмыс істеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалалық қызметтер тұрғындардың бұл күнді мерекелік көңіл күйде өткізуі үшін арнайы бағдарламалар әзірледі.

Тұрғындарға жергілікті өндірушілердің өнімдерін ұсынған әлеуметтік жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Қала бойынша барлығы 24 жәрмеңке өтіп, оларға шамамен 50 мың адам келді. 350 кәсіпкер мен өндіруші өнімдерін ұсынды.

Осылайша референдум учаскелеріне келген тұрғындар дауыс берумен қатар түрлі іс-шараларға қатыса алды: ересектер жәрмеңкелерді аралап, жастар концерттерді тамашалап, фотоаймақтарда суретке түсті, ал балалар ойын-сауық бағдарламаларына қатысты.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, мұндай іс-шаралар тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, дауыс беру күнін алматылықтар үшін жайлы әрі ашық етеді.

Бірқатар учаскеде белгілі өнерпаздар өнер көрсетті. Тұрғындарға арналған шағын концерттерде Айжан Нұрмағамбетова, Асхат Тарғын, Сейфуллин Жолбарыс және Баха ән шырқады. Әрбір орындаушы түрлі учаскелерде өнер көрсетіп, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Концерттер, атап айтқанда, №140 мектепте орналасқан №247 және №248 учаскелерде, сондай-ақ №63 мектептегі №230 және №290 учаскелерде өтті. Музыкалық бағдарламалар қала тұрғындарының назарын аударып, дауыс беру күнінің атмосферасын жандандыра түсті.

Көптеген учаскеге алматылықтар ұлттық киіммен келіп, іс-шараға ерекше реңк қосты. Дауыс беру орындарының жанында фотобудкалар мен арнайы фоторамкалар орнатылып, тұрғындар естелік суретке түсті.

Балалар үшін де арнайы ойын алаңдары ұйымдастырылды. Учаскелерде оларды ұзын бойлы қуыршақтар қарсы алып, шағын қойылымдар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалар өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);