AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қауіпті "күлкі газы": түнгі клубтардағы заңсыз сау...

Қауіпті "күлкі газы": түнгі клубтардағы заңсыз сауда әшкереленді

Заң мен тəртіп 30.01.2026, 10:22 205
Қауіпті "күлкі газы": түнгі клубтардағы заңсыз сауда әшкереленді
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жүйелі жұмыс жалғастырады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жыл басынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде тыйым салынған қосылыстардың заңсыз айналымына байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.

Олардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған, "күлкі газы" деп аталатын белгілі азот тотығы да бар.

Биылғы жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірқатар өңірлерде аталған затпен толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін өнімді жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қосылыспен толтырылған. Тиісті сараптама тағайындалды.

ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертрді. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тыйым салынған заттардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#"күлкі газы" #тыйым салынған қоспа #заңсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика