AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы...

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

Заң мен тəртіп 06.01.2026, 17:04 317
ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz

Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Полиция мәліметіне сүйенсек, жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие.

"Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды",- делінген ақпаратта.

Киберқылмысқа қарсы күрес – Ішкі істер министрлігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар атқарылуда.

"Интернеттің дамуына байланысты "дәстүрлі" қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді".
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ІІМ қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

"Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, жеке деректерді бөгде адамдарға айтпаңыз, сондай-ақ банк карталарын және олардың деректерін үшінші тұлғаларға бермеңіз",- деп ескертті полиция.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚР ІІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4 күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Бүгін 13:37

Алматы колледждері еліміздің ішкі туризмін дамытуға үлес қосып келеді

Бүгін 12:37

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Бүгін 12:26

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Бүгін 11:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика