AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Заң мен тəртіп Бүгін 12:26 47
Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және шетелдік жұмыс күшін заң талаптарын бұза отырып тартуға байланысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізілген іс-шаралар барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетел азаматтары анықталды. Олардың қала аумағындағы нысандардың бірінде заң талаптарын сақтамағаны әрі жұмыс істегені белгілі болды. Барлық тұлға мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алдын ала деректер бойынша, ұйымдастырушылар заңсыз көші-қон арнасын құрған болуы мүмкін. Осы фактіге қатысты материалдар тіркеліп, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Қазір Алматы қаласында көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау және тоқтату, сондай-ақ елде заңсыз жүрген шетел азаматтарын табу мақсатында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

– Заңсыз көші-қон фактілерін анықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Басты мақсат – құқық бұзушылықтарды тоқтатумен қатар, заңсыз көші-қон арналарының алдын алу. Іс-шара аясында жұмыс берушілерге және шетел азаматтарының ықтимал тұру орындарына бақылау күшейтілді. Анықталған барлық құқық бұзушылық заң талаптарына сәйкес қатаң түрде тоқтатылады, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД Түрксіб ауданы полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Алматы қаласының полициясы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заңсыз көші-қон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4-ақ күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Бүгін 13:37

Алматы колледждері еліміздің ішкі туризмін дамытуға үлес қосып келеді

Бүгін 12:37

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленді: 40 адам ұсталды

Бүгін 11:55

Алматыда Наурыз қалай тойланады: 21-23 наурызға арналған негізгі іс-шаралар

Бүгін 11:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика