Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Career Enbek платформасындағы Цифрлық дағдылар бан...

Career Enbek платформасындағы Цифрлық дағдылар банкінде 12 мыңнан астам өзекті дағды қолжетімді

Әлеумет 20.01.2026, 10:14 237
Career Enbek платформасындағы Цифрлық дағдылар банкінде 12 мыңнан астам өзекті дағды қолжетімді
Сурет: Gov.kz

Ұлттық біліктілік жүйесінің Career Enbek цифрлық платформасында Цифрлық дағдылар банкі  қолжетімді.

Ол қазіргі еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін көрсететін 12 мыңнан астам өзекті кәсіби және әмбебап дағдыларды қамтиды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ЦДБ-дегі барлық дағдылар тақырыптық топтар бойынша жүйеленген, бұл ыңғайлы навигацияны қамтамасыз етіп, олардың қолданылу салаларын жедел айқындауға мүмкіндік береді. Әрбір дағды егжей-тегжейлі сипаттамамен және оның сұранысқа ие болатын кәсіби топтарының тізімімен толықтырылған.

Платформаның интерфейсі құрылымдалған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, пайдаланушыларға кәсіби міндеттеріне сәйкес деректерді іздеуге және салыстыруға мүмкіндік береді.

ЦДБ халықаралық ESCO жүйесі (дағдылардың, құзыреттердің, біліктіліктер мен кәсіптердің еуропалық жіктемесі) негізінде әзірленген және кәсіби стандарттарды әзірлеу, білім беру бағдарламаларын жаңарту, сондай-ақ кадр саясатын жоспарлау кезінде қолданылатын Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ол кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге, жұмыс берушілердің өкілдеріне, кадр даярлау саласындағы сарапшыларға бағытталған кең кәсіби қауымдастыққа арналған.

Кадр қызметтері мен HR-бөлімдер үшін бұл ресурс өзекті дағдылар туралы деректер негізінде заманауи лауазымдық бейіндерді қалыптастыруға, қызметкерлерді бағалау және дамыту жүйелерін құруға кең мүмкіндіктер ашады.

Ресурс туралы толық ақпаратты Career.Enbek платформасынан көруге болады: https://career.enbek.kz/kk/skills-bank/main

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Career Enbek #цияфрлық платформа #дағды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика