Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда қала шаруашылығын цифрландыру бойынша АT-...

Алматыда қала шаруашылығын цифрландыру бойынша АT-жобалардың акселераторлары басталды

Өмір-өзен 04.08.2021, 13:40 2,034
Алматыда қала шаруашылығын цифрландыру бойынша АT-жобалардың акселераторлары басталды
Сурет: Almaty-akshamy

20 жоба пилоттық негізде жүзеге асу мүмкіндігіне ие болды.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мегаполистің тыныс-тіршілігінің түрлі салаларына пилотты түрде енгізу үшін стартап-жобаларды іріктеудің басталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бүгін Smart City Accelerator Almaty стартап жобаларын дамытудың қарқынды бағдарламасы іске қосылды.



«Smart City Accelerator Almaty стартап-жобалар қарқынды дамыту бағдарламасын іске қостық. 80-нен астам жобаның ішінен іріктеліп алынған 20 жоба пилоттық негізде жүзеге асу мүмкіндігіне ие болды. Цифрлық шешімдер қаладағы түрлі қызмет жұмысының тиімділігін арттырып, тұрғындар үшін қалалық ортаның жайлылығын арттыру үшін қажет», - деп атап өтті Алматы әкімі.



Алғашқы бес стартап, соның ішінде информатика сабағын оқытуға арналған онлайн-платформа, коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымының жай-күйіне автоматты түрде мониторинг жүргізіп, шектеулі аумақты қолжетімді етуге септігін тигізбек. Сондай-ақ құрылысшылар үшін геологиялық деректер базасын құруға, жол мен желілерді жөндеу, т.б қалалық жобаларды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін әлеуеті жоғары жобалар бар.



«Қала үшін үлкен маңызға ие Smart City-ді құруға дайын АТ-командалар үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде қалада АТ-архитектурасының дайын кеңсе кеңістіктері бар. Бұл орындар оқыту тренингтері мен курс жүргізуге, сондай-ақ қалалық қызметтермен өзара байланыс орнатуға таптырмас диалог алаңы іспеттес», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жоба #стартап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Кеше 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Кеше 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Кеше 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Кеше 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика