Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспе...

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Мәдени Алматы 11.03.2026, 20:24 462
Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды
Ұлттық орталық музей

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды ұлттық жобалардың авторы Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Экспозиция суретшінің сан қырлы шығармашылық жолын айшықтайды. Автор үшін өнер – үнемі алға ұмтылу, форманың кемелдігі мен мазмұн тереңдігін үйлестіру жолындағы үздіксіз ізденіс. Болат Мұхамедиев шығармашылық ғұмырында батыл эксперимент жасап, жанрлық және стильдік шекараларды кеңейтіп келеді.

Көрмеде мүсіндік және сәулеттік жобалар, кескіндеме мен графика туындылары, дизайн, цифрлық өнер және көркем фотосурет саласындағы еңбектері ұсынылған. Әрбір жұмыс автордың материалды сезіну ерекшелігін, пластикалық ойлау жүйесін және кәсіби шеберлігін танытады. Суретші үшін «қолөнер» ұғымы тек техникалық машық емес, ол – дәстүр мен жаңашылдықты, ұлттық көркемдік кодтар мен заманауи әлемдік үрдістерді тоғыстыратын шығармашылық философия.

Көрме қазақстандық суретшілердің ұлттық бейнелеу өнерін дамытудағы елеулі үлесін айқындайды. Терең академиялық мектептен өткен, мол тәжірибе жинақтаған отандық шеберлер елдің мәдени кеңістігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Бұл көрме жас ұрпақ үшін де тағылымды. Музейдің басты міндеті – көркем мұраны сақтау және көрсету ғана емес, мәдени сабақтастықты нығайту, Қазақстанның көрнекті суретшілерінің есімдерін кеңінен насихаттау арқылы болашақ буынға кәсіби әрі рухани үлгі көрсету.

Көрменің ашылу салтанатына суретшінің әріптестері мен замандастары Нелли Бубэ, Марат Тұрғымбай, Марлан Нысанбаев, Максат Кантарбаев, Есенғали Садырбаев, Джамиля Такен, Шоқан Төлеш, Естай Даубаев, Фатима Тарази және басқа да өнер қайраткерлері қатысты.
«Қолөнер тарихы» ретроспективасы – шығармашылықтың аралық қорытындысы ғана емес, заманауи қазақстандық өнер кеңістігінде өзіндік орны бар шебердің үздіксіз көркемдік эволюциясының айқын көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика