AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда мереке күндері 189 бригада жұмыс істеді  

Алматыда мереке күндері 189 бригада жұмыс істеді  

Барлығы 05.01.2026, 12:01 333
Алматыда мереке күндері 189 бригада жұмыс істеді  
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңажылдық мереке күндері Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем қызметі штаттық режимде, іркіліссіз жұмыс істеді. 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін медицина қызметкерлері 11 мыңнан астам өтініш қабылдап, сәтті реанимация жасап, тіпті кей адамдарды үйде босандырған. Осылайша қала тұрғындарына тәулік бойы медициналық көмек көрсетілді, - , - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, мереке күндері күн сайын 24/7 режимінде 189 бригада желіде жұмыс істеген. 500-ден астам қызметкер - дәрігерлер, фельдшерлер, жүргізушілер, кіші медициналық және техникалық персонал еңбек етіпті.

Жалпы, 2025 жылғы 31 желтоқсан мен 2026 жылғы 4 қаңтар аралығында жедел жәрдем қызметіне 11 158 өтініш түсіп, оның 10 059-ына барып қайтты. Жедел жәрдемге ең көп қоңырау әдеттегідей жаңа жыл түні түскен. 1 900 шақырту тіркеліпті, бұл орташа тәуліктік көрсеткіштен шамамен 600-ге аз.

Мереке күндері шақырту құрылымы қалыпты деңгейде қалып, демалыс немесе салтанатты күндерге тәуелді болған жоқ. Көбінесе тұрғындар тыныс алу жүйесі ауруларына байланысты - 22,53 пайыз, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бойынша - 17,28 пайыз, сондай-ақ жарақаттар мен улануларға байланысты - 14,5 пайыз жедел жәрдемге жүгінген. Андрей Ложкиннің айтуынша, бұл үрдіс жылдан жылға қайталанып келеді.

«Пиротехникадан жарақаттанып қалатындарға медицина қызметкерлері ерекше назар аударды. Биыл мұндай 20 оқиға тіркелді, оның 11-і балалар. Ең жас зардап шеккен бала 4 жаста болды. Он адам жедел жәрдеммен стационарға жеткізілді, жетеуі дәрігерге өз бетінше жүгініп, үшеуі жарақаты жеңіл болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартты», - деді Андрей Ложкин.

Сонымен қатар, мереке күндері жедел жәрдем қызметкерлері бес сәтті реанимация жасаған. Үш адамды үйде босандырып, бір ұл мен екі қыздың дүниеге келуіне көмектесіпті.

Жедел медициналық жәрдем қызметі қай күні болсын көмекке мұқтаж әр адамға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсете береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Кеше 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Кеше 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика