AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жыл аяғына дейін 20-дан астам мұз айдыны...

Алматыда жыл аяғына дейін 20-дан астам мұз айдыны ашылады

Барлығы 24.11.2025, 16:03 351
Алматыда жыл аяғына дейін 20-дан астам мұз айдыны ашылады
Алматы әкімдігі

Алматыда 3,6 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.

2024–2025 жылдары алты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, сондай-ақ жеке инвестиция есебінен екі спорт кешені бой көтерді. Алатау ауданындағы Нұркент шағынауданында инвесторлар аяқтаған жаңа теннис орталығы ашылды. «Тұлпар» кешені ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін коммуналдық меншікке қайтарылды, Райымбек даңғылында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт орталығының құрылысы басталды.

2027 жылдың соңына дейін Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарында жалпы ауданы 71 мың шаршы метр болатын алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені  салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ  үш спорт мектебін жаңғырту көзделген: №9 спорт мектебі үшін сейсмикалық күшейтумен бірге күрделі жөндеуге құжаттама әзірленіп жатыр; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат сараптаманың оң қорытындысын алды; №2 спорт мектебі үшін күрделі жөндеу жобасы жасалып жатыр.

Бірегей жобалардың қатарында FIFA және UEFA стандарттарына сәйкес 15 гектар аумақта 40 мың орындық жаңа футбол стадионының құрылысы, сондай-ақ 2 гектар аумақта төбесінің биіктігі 17 метр болатын көркем гимнастика орталығын салу бар. Бұл халықаралық жарыс өткізуге мүмкіндік береді. Орталық стадионда сәулеттік келбеті мен жеңіл атлетика жолақтарын сақтай отырып, жаңарту жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар «Медеу» биік таулы спорт кешенін жаңғырту басталды. Жаңғырту аясында кешеннің тарихи келбеті сақтала отырып, толық жаңарту жүргізіледі. Инженерлік желілер жаңартылып, заманауи инфрақұрылым жасалып, спортшылар мен қонақтарға арналған жағдай жақсартылады.

Бұған қоса, жыл соңына дейін Алматыда 20-дан астам мұз айдынын ашу жоспарланған, деп атап өтті қалалық Спорт басқармасының өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мұз айдыны #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика