Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда ақын Мұқағали Мақатаев пен сазгер Тұрсынғ...

Алматыда ақын Мұқағали Мақатаев пен сазгер Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өтті

Мәдениет 30.10.2021, 07:30 1,244
Алматыда ақын Мұқағали Мақатаев пен сазгер Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өтті
Cурет: Almaty.tv

«Сәби болғым келеді» деп аталған концертке бірқатар өнер майталманы жиналды


 Алматыда мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев пен ақын, сазгер Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.  


Қос тарланның шығармашылығына арналған концертке бірқатар өнер майталманы жиналды.  
Сахнасы ән мен әуезге, сырлы сазға бөленген «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы кеш композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған. Еске алу концертін қалалық Мәдениет басқармасы, сондай-ақ Семей қаласы әкімдігі қатар ұйымдастырып отыр.



«Бүгінгі концерт Тұрсынғазы ағамыздың әндерінің шығу тарихының хронологиясынан, яғни жас күнінен бастап шығарған әндерінен басталады. Бүгінгі шарада ағамыздың Семейден келген әнші шәкірттері өнер көрсетеді», – деді Семей қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.



Көп қосыла шырқайтын «Сәби болғым келеді» әнінің сазын жазған Тұрсынғазы Рахимов болатын. Биыл 90 жылдығы аталып өтіп жатқан Мұқағали шығармашылығын кең дәріптеген композитор ақиық ақынның 35 өлеңіне ән шығарғанын да айта кету керек. Композиторлық қырын Мақатаев туындысымен танытқан әншіні еске алу кеші де тегіннен тегін бұлай аталған жоқ.



«Бүгінгі келген жастардың бәрі – оның көзін көрген, жанында жүріп әнін үйренген шәкірттері. Қазақ халқы барда, Тұрсынғазы ағамыздың есімі мәңгілік жасай береді», – дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев.



Бүгінгі еске алу кешіне еліміздің бірқатар өнер майталмандары да қатысты. Елдің жүрегінен орын алған әнші-композитор артынан 100-ге тарта ән-мұра қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Мұқағали #Тұрсынғазы Рахимов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Бүгін 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Бүгін 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Бүгін 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Бүгін 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика