AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полицейлері жаңа жылдағы ұрлықтың бетін ашт...

Алматы полицейлері жаңа жылдағы ұрлықтың бетін ашты

Заң мен тəртіп 13.01.2026, 11:32 318
Алматы полицейлері жаңа жылдағы ұрлықтың бетін ашты
ҚР ІІМ

Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді, қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды.

Арнайы операцияны қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізді.

Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.

"Күдіктілер мерекелік түні пәтер иелері үйде болмайды, ал адамдардың назары мейрамға ауған болады деп үміттенген. Алайда олардың заңсыз әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Үш күдікті де ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда", — деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Кеше 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Кеше 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика