Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тұман, бұрқасын, көктайғақ: ел өңірлерінде күн күр...

Тұман, бұрқасын, көктайғақ: ел өңірлерінде күн күрт суытады

Барлығы 07.01.2026, 09:47 303
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: ел өңірлерінде күн күрт суытады
сурет: Алматы әкімдігі

«Қазгидромет» болжамынша еліміздің 14 облысында және Астанада ауа райына байланысты қауіп күшеймек.  Сондықтан елде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Сәрсенбі күні ел аумағында қыс мінез көрсетпек. Бір өңірде ақтүтек боран соқса, енді бір аймақты қалың тұман басады. Қар мен көктайғақ жол қозғалысын қиындатып, желдің екпіні кей жерде секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік пен шығыс өңірлерде қар аралас боран күшейеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында бұрқасын соғып, түнгі уақытта жел екпіні айтарлықтай артады. Кей аймақта қардың салдарынан көріну қашықтығы төмендейді. Бұл аймақтарда ауа температурасы –10–18 градус шамасында болады.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да ауа райы күрделі. Мұнда қар жауып, бұрқасынмен қатар көктайғақ қалыптасады. Түнде соққан қатты жел тұрғындарға қосымша қауіп төндіруі мүмкін. Өңірде сынап бағанасы – 15–25 градусқа дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде жағдай біршама басқаша. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, жолдар тайғақ болады. Кей жерде жел күшейіп, көлік қозғалысына кедергі келтіруі ықтимал. Күндізгі ауа температурасы –3 –8 градус, түнде –10 градусқа дейін салқындауы ықтимал.

Оңтүстікте, әсіресе Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Тау асуларында желдің екпіні артып, жолға шыққандар үшін сақтық қажет. Өңірде ауа температурасы –2 мен +5 градус аралығында сақталады.

Елордада да қысқы қолайсыздық сезіледі. Астанада аздап қар жауып, жер бауырлаған боран соғып, жолдар көктайғаққа айналуы мүмкін. Ауа температурасы түнде –15–18 градусқа дейін төмендейді.

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шыққанда мұқият болуға, ауа райы туралы ескертулерді ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #ауа райы болжамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика