Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Шегірткені жоюдың бір жолы - оны жеу

Шегірткені жоюдың бір жолы - оны жеу

Әлем 11.06.2024, 10:42 1,634
Шегірткені жоюдың бір жолы - оны жеу
Сурет: Ktk.kz

Әлемде шегірткеге күші жетпей, амалы таусылған елдер оны жеуге көшті.

Тіпті Қытай мен Мексикада бұл жәндік зиянкес емес, нағыз деликатестің өзі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемдік зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, 100 грамм кептірілген шегірткеде, ақуыздың 50%-і бар. Тағамдық құндылығы бойынша құрамы аминқышқылдарға бай. Сондай-ақ шегірткенің құрамында холестерин жоқ. Осы ретте атеросклероз және гипертониямен ауыратын адамдарға шегіртке жеуге кеңес береді кей сарапшылар.

Жалпы Біріккен ұлттар ұйымының дерегіне сүйенсек, жер бетінде 2 миллиард адам жәндіктердің 1900 түрін күнделікті ас ретінде тұтынады. Шегірткенің кесірінен 2004 жылы Австралияның шаруа қожалықтары миллиардтаған доллар шығынға батты. Оны жою үшін халық оны жеуге көшкен. Сөйтіп, ел ішінде «Жеңе алмасаң, жей сал» деген түсінік қалыптасқан. Сондай-ақ Австралияда шегірткені «аспан асшаяны» деп атайды. Бұл атау жәндіктің ұша алатыны үшін қойылған. Австралия аспаздары шегірткеден 20 түрлі тағам жасайды. Оның ішінде ең әйгілісі – шегіртке тұшпарасы. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында шегіртке попкорны да сұранысқа ие.

 Израильде шегіртке жеуге рұқсат етілген. Израильде шегіртке – жеуге рұқсат етілген жалғыз жәндік. Өйткені жыл сайын Таяу Шығыс елдерінде маусымдық шегірткелер қаптап, егінді отап кетеді. Ал, бұл зянкестермен күресу үшін биліктің қабылдаған шарасы. Кей елдер шегірткені суға қайнатып жесе, Израильде жақсылап қуырып жейді. Сондай-ақ шегірткенің кез келген түрін емес, қызыл, сары, ала сұр, ақ сияқты шөл шегірткелерінің төрт түрін жеуге болады. Ал, Кувейтте кептіріп, Найробиде салат қып жейді.

Қазірде әлемнің 90-нан астам елінде жәндіктердің 1400-ден астам түрі тағам ретінде қолданылатыны анықталды. Сондай-ақ былтыр Еуроодақ шегірткелерден жасалған ұн өнімдерін пайлануға рұқсат ететін заң қабылдады. Ол заңға сәйкес, шегірткеден жасалған ұнды тағам түрлеріне қосуға болады. Құрамында шегіртке ұны бар өнімдер міндетті түрде қаптамасында көрсетіледі, сондай-ақ,  аллергиясы бар адамдарға ескерту жазылады.   Шегірткенің зияны және пайдасы Шегірткеден алынатын азық түрлері көп.

 Қазірдің өзінде шегірткеден жасалған печенье, паста, бизе, мюсли, ақуыз шариктері, т.б. саудаға шығарылған. Онда ақуыздан бөлек, темір, фосфор, магний, кальций, полисахарид бар. Сондай-ақ A, B2 және С дәрумендеріне бай. Тіпті, мамандардың айтуынша, шегіртке бойындағы кальций сүт құрамындағы кальциден көп. Қазірде ғалымдар қығушылық білдіріп, шегірткенің пайдалы тұсын зерттеп әлек. Алайда, жалпы жәндік атаулыны аштық жайлаған елдерде амалсыздан жегенін де айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шегіртке #жеу #азық #жоюдың бір түрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама онкүндігі аясында Алматыда ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

Бүгін 14:23

Наурыз мейрамында қосымша электрпойыздар қатынайды

Бүгін 13:19

Алматылық құтқарушылар «Көрісу күні» мерекесін атап өтті

Бүгін 12:48

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Бүгін 12:13

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика