Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда екі қант зауытын салуға Cengiz Holding...

Қазақстанда екі қант зауытын салуға Cengiz Holding компаниясы 500 млн доллар инвестиция салады

Экономика 02.12.2025, 11:07 400
Қазақстанда екі қант зауытын салуға Cengiz Holding компаниясы 500 млн доллар инвестиция салады
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Cengiz Holding түркиялық холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Дженгиз Шабанмен кездесті.

Келіссөз барысында қант саласын дамыту болашағы, инвестиция тарту және аграрлық өнімдерді терең өңдеу бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Айдарбек Сапаров министрлік тарапынан импортқа тәуелділікті азайтуға және өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуге бағытталған кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Қазақстанда барлығы төрт қант зауыты жұмыс істейді, олардың үшеуі жылына 870 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қабілетті. Алайда қантты жылдық тұтыну көлемі 500 мың тонна, ал отандық шикізаттан өндірілетін қант ішкі қажеттіліктің тек 14%-ын ғана қамтиды.

«Жаңа өңдеу қуаттарын құру және тұрақты шикізат базасын қалыптастыру — мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Cengiz Holding бастамасы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызды қадам», — деді министр.

Түрік холдингі Қазақстанда жылына 300 мың тоннаға дейін қант өндіретін екі зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.
Әзірге қант өндірісін дамытуға лайықты жер ретінде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы және жер ресурстары зерделенуде.

Дженгиз Шабанның айтуынша, жоба аясында 10 жылға 500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция қарастырылған.
Екі зауыттың құрылысын келесі жылы бастап, оларды екі жыл ішінде іске қосу жоспарланып отыр.

Жобаны жүзеге асыру ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мал азығы өнімдеріне, тамақ өнеркәсібіне арналған құрамдас бөліктер, техникалық спирт және басқа да өнімдер шығаратын қосалқы өндірістерді дамытуға жол ашады.

Тараптар жобаны жан-жақты пысықтап, жақын уақытта алдағы іс қимылды талқылауға келісті.

Кездесу қорытындысында жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. ‎

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қант зауыты #инвестиция #Cengiz Holding компаниясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Кеше 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Кеше 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Кеше 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Кеше 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика