Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Мектепте жарылғыш зат бар". Қостанайда жалған хаб...

"Мектепте жарылғыш зат бар". Қостанайда жалған хабар таратқан оқушы ұсталды

Оқиға 25.11.2025, 17:43 376
"Мектепте жарылғыш зат бар". Қостанайда жалған хабар таратқан оқушы ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қостанайда "мектепте бомба бар" деген жалған хабар таратқан оқушы анықталды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияға белгісіз адам қала мектептерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар берген. Қоңыраудан кейін байланыс бірден үзілген. Оқиға орнына дереу полицейлер, жарылғыш заттарды залалсыздандыру қызметі, өрт сөндірушілер және медицина қызметкерлері жетіп, мектеп оқушылары мен қызметкерлері шұғыл эвакуацияланды.

Ғимарат пен аумақты толық тексеру барысында ешқандай қауіпті зат табылған жоқ. Тексеру нәтижесінде жалған хабарды басқа мектептің 7-сынып оқушысы жасағаны анықталды. Ол сыныптасының телефонын пайдаланып, мұны “әзіл үшін” жасағанын және салдарын түсінбегенін мойындады.

Жасөспірім қылмыстық жауапкершілік жасына толмағандықтан, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда баланың ата-анасы оны дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, оқиғаға байланысты жедел қызметтердің шығындарын өндіру мәселесі қарастырылмақ.

Полиция терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салып, ата-аналарды балалармен қауіпсіздік, жалған қоңыраулардың салдары және телефон мен әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану туралы әңгімелесуге шақырды.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#қостанау #қылмыс #әкімшілік жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика