Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелер...

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Референдум 10.03.2026, 19:30 76
Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады
ОРК

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында комиссия мүшелерін кәсіби оқыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бүгінде бұл үдеріске ел аумағындағы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының 71 030 өкілі тартылған деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, комиссиялардың жұмысын біріздендіру үшін Орталық референдум комиссиясы арнайы оқу-әдістемелік материалдар әзірленген. Сондай-ақ, өңірлерге әдістемелік құралдар топтамасы мен дауыс беру күніне арналған рәсімдерді түсіндіретін бейнекурс жолданған. Онда дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі, комиссиялардың негізгі міндеттері мен іс-қимыл алгоритмдері кеңінен қамтылған.

«Дайындық каскадтық модель негізінде жүргізілуде. Барлық деңгейде комиссия мүшелері алдымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы республикалық референдум туралы» Конституциялық заңдардың негізгі нормалары бойынша кіріспе тест тапсырады. Бұл тәсіл олардың білім деңгейін нақты бағалап, оқыту жұмысын мақсатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді Ш.Өтемісов.

Оқытудың алғашқы кезеңінде Орталық референдум комиссиясы аумақтық комиссиялардың тұрақты мүшелеріне арналған республикалық онлайн-семинар өткізді. Оған 821 адам қатысты. Семинар барысында құқықтық рәсімдер, комиссия жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу және референдумды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ОРК хатшысының сөзінше, өңірлік кезеңде аумақтық комиссиялардың босатылған мүшелері 908 аумақтық комиссия мүшесін, сондай-ақ учаскелік комиссиялардың төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларын оқытқан.

«Бағдарлама аясында тәжірибелік сабақтарға да ерекше мән берілді. Олар учаскені дайындау, референдумға қатысушылар тізімімен жұмыс істеу, дауыс беру учаскесін ашу, дауыс беруді өткізу және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерді қамтыды. Практикалық тапсырмалар нақты жағдайларды үлгілеу арқылы жүргізіліп, түрлі әрекет нұсқалары мен құқықтық шешімдер пысықталды. Осы кезеңде 31 233 учаскелік комиссия басшылығының өкілі оқудан өтті», - деді ол.

Қазір оқытудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Аумақтық комиссиялардың қолдауымен учаскелік комиссиялар қалған 38 068 мүшені даярлауда. Бұл кезеңді 13 наурызға дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, референдумның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығында арнайы онлайн-семинар ұйымдастырылды. Оған аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Семинарға 500-ден астам адам қатысқан.

Осылайша, Қазақстанда референдумға дайындық аясындағы оқыту жұмыстары кең ауқымда, кезең-кезеңімен және тәжірибеге негізделген форматта жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Бүгін 14:37

Алматыда дәрігерлер аяқ-қолында ауыр патологиясы бар 9 балаға бірегей ота жасады

Бүгін 14:23

Алматыда тұрғын үйлердің шатырын қардан тазалау жұмыстарына бақылау күшейтілді

Бүгін 14:18

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін 14:05

Workout әуесқойы: Ұлттық ұлан сарбазы әскери өмірді камерамен көрсетіп жүр

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика