AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кардиология халықаралық аккредиттеу сертификатын а...

Кардиология халықаралық аккредиттеу сертификатын алды

Медицина 08.01.2026, 15:43 358
Кардиология халықаралық аккредиттеу сертификатын алды
сурет: Алматы әкімдігі

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты «Кардиохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасының халықаралық аккредиттеуінен сәтті өтіп, сертификатын иеленді.

Аккредиттеу  туралы куәлікті Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуразиялық аккредиттеу орталығы (ЕАО) табыстады. ЕАО Аккредиттеу кеңесі бағдарламаның жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру стандарттарына сәйкестігін растады. Куәлік 5 жыл мерзімге жарамды.

Сарапшылар институттың инфрақұрылымымен және материалдық-техникалық жабдықталуымен, кадрлық құрамымен, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуімен, білім беру процесінің ақпараттық ресурстарымен, сондай-ақ компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етілуімен танысты. Оқытушылардың құзыреттілігіне, резиденттердің клиникалық даярлығының сапасына баға берілді. Клиникалық базалардың резиденттердің оқу процесін толық қамтамасыз етуге барлық мүмкіндігі бар екені атап өтілді.

«Институттың білім беру қызметі еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған. Институтта білім алушылардың барлық санатын даярлау және қайта даярлау үшін қажетті барлық мүмкіндік бар. Профессор-оқытушылар құрамының кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі – институттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі», – дейді аталған институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Сарапшылар жұмыс берушілермен және резидентура тыңдаушыларымен сұхбат жүргізіп, институттың білім беру бағдарламалары бойынша даярлық сапасына және білім алушылардың кәсіби білім алу деңгейіне жоғары баға берді. Жұмыс берушілердің пікірінше, институт резидентурасының түлектері теориялық және практикалық білімдері мен дағдыларының жоғары деңгейін көрсетеді. Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші жыл сайын 100 пайызды құрайды.
Дәрігердің кәсіби қызметінің табыстылығы көп жағдайда оқу кезеңінде резидент жұмыс істейтін клиникалық бөлімшелерінің ұжымдарындағы қолайлы ахуалға байланысты. Білім беру бағдарламаларын іске асыру кәсіби білім алуға және білім алушының еңбек қызметіне дайын болуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер кино қарап ұйықтап кетудің зиянын айтты

Бүгін 09:40

Жолшыбеков пен Нұртаза Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа жеткізілмек

Бүгін 09:36

Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр

Бүгін 09:19

Сегіз қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 09:12

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика