Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Баланың құлағы естімей қалған: Ақтөбеде қалалық жә...

Баланың құлағы естімей қалған: Ақтөбеде қалалық және облыстық аурухана 10 млн теңге өтемақы төлейді

Оқиға 12.01.2026, 14:09 318
Баланың құлағы естімей қалған: Ақтөбеде қалалық және облыстық аурухана 10 млн теңге өтемақы төлейді
сурет: istockphoto.com

Ақтөбеде қалалық және облыстық балалар ауруханалары дұрыс ем көрсетпегені үшін науқас баланың отбасына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап. 

Оқиға 2023 жылы болған. Төрт жасар қыз балаға бір жеке клиникада "іріңді отит" диагнозы қойылса, екіншісінде "сол жақ бет жүйкесінің невралгиясы" деген қорытынды жасалған. Кейін ол қалалық балалар ауруханасына жіберіліп, дәрігерлер іріңді отит кезінде жасауға болмайтын физиоем тағайындаған. Осыдан соң баланың жағдайы нашарлай түскен.

Кейінгі ем облыстық балалар ауруханасында жалғасқанымен, қыз бала ұзақ уақыт антибиотиксіз қалып, тек таңу жұмыстары ғана жүргізілгені айтылады. Дәрігерлер консилиумнан кейін емдеу тактикасын анықтағанымен, жақсарудың белгісі болмаған. Ақыры анасы баласын өз бетімен Алматыдағы "Ақcай" республикалық ауруханасына апарып, емін сонда жалғастырған.

Баланың анасы Ақтөбедегі қалалық және облыстық балалар ауруханаларын дұрыс медициналық көмек көрсетпеді деп сотқа беріп, моральдық зиянды өтеуді талап еткен. Сараптама қорытындысына сәйкес, емнің уақытында көрсетілмеуі ортаңғы құлақ инфекциясына, басішілік асқынуларға әкеліп, нәтижесінде балаға бас сүйегіне резекциялық трепанация жасалған.

Қазір баланың бір құлағы мүлде естімейді, екінші құлағында тұрақты шу бар. Дәрігерлер оған I дәрежелі есту қабілетінің жоғалуы диагнозын қойған.

Сот шешімі бойынша, алдымен ювеналды сот екі аурухананы да 5 миллион теңгеден төлеуге міндеттеген. Апелляциядан кейін сот алқасы бұл шешімді күшінде қалдырып, екі медициналық ұйымның да біліксіз көмегі баланың жағдайын ушықтырғанын атап өтті. Нәтижесінде ауруханалар жалпы сомасы 10 миллион теңге өтемақы төлейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аурухана #ақтөбе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика