Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Астанадағы жедел жәрдем станциясында 850 млн теңге...

Астанадағы жедел жәрдем станциясында 850 млн теңге жымқырылған

Заң мен тəртіп 12.01.2026, 11:59 326
Астанадағы жедел жәрдем станциясында 850 млн теңге жымқырылған
Сурет: Gov.kz

Елорда прокурорлары жедел медициналық жәрдем станциясында жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 
 
Елорда прокуратурасы Астана бойынша ҰҚК-нің департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті. Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Прокурорлар санитарлық автокөліктің бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасасу дерегі анықтады.

Соның нәтижесінде жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған.

Қазір "103" автопаркі толығымен қалпына келтірілді. 4 қызметкер, оның ішінде 2 басшы мен станция директоры ұсталды. Көрсетілген тұлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 миллион теңге сомасында аса ірі залал келтірілген. 

Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің "Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу", яғни ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы, 189-бабы 3-бөлігі 1),2),3) тармақтары бойынша сараланды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #жымқыру #Жедел жәрдем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика