AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Астанада өз немересін зорлаған 82 жастағы ер адамғ...

Астанада өз немересін зорлаған 82 жастағы ер адамға сот үкімі шықты

Заң мен тəртіп 15.01.2026, 09:50 326
Астанада өз немересін зорлаған 82 жастағы ер адамға сот үкімі шықты
infozakon.kz

Астанада жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық жасаған 82 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Ақпаратты НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Смайылова Facebook парақшасында жариялаған. Оның жазуынша, қайғылы оқиға баланың туған күнін атап өту кезінде, туыстары жиналған үйде болған. Қарт адамды қылмыс үстінде отбасы мүшелері ұстап қалған.

Істің мән-жайы куәгерлердің көрсетулері мен сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен расталған. Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Дина Смайылованың айтуынша, жәбірленуші қыздың анасы қорға 2025 жылдың 5 сәуірінен 6 сәуіріне қараған түні, баланы сараптамаға апарғаннан кейін бірден хабарласқан.

Құқық қорғаушы айыпталушының қылмысын жақсы түсінгенін, ұсталған сәтте қашып кетіп, бір тәулік бойы ізін жасыруға тырысқанын атап өтті. Сонымен қатар, отбасында күдіктінің жасының үлкендігін алға тартып, істі сотқа жеткізбеуді ұсынғандар да болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #қылмыс #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика