AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылықтардың күмәнін туғызған "министрлік қызме...

Алматылықтардың күмәнін туғызған "министрлік қызметкері" кім?

Барлығы 23.01.2026, 11:17 221
Алматылықтардың күмәнін туғызған "министрлік қызметкері" кім?
скриншот

Алматыда белгісіз біреу өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырып, көшедегілердің тіркелген мекенжайын сұраған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Tengrinews.kz хабарлауынша, жағдай 21 қаңтарда Алматыдағы "Москва" сауда орталығы маңында болған.

Видео авторының сөзінше, оған және досына "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" деген бейдж таққан белгісіз ер адам жақындап, еш түсіндірместен тіркелген мекенжайы туралы сұрақтар қоя бастаған.

"Ешқандай аман-сәлемсіз, өзін таныстырмай "Қай жерде тіркелгенсіздер?" деп сұрады", - деп жазды автор.

Автордың айтуынша, өзін таныстыруды сұраған кезде ер адам нақты жауап бермеген. Ол әскери комиссариатта жұмыс істейтінін айтқан.

"Ол: "Мені күте тұр, полиция шақырамын", - деді де, кетіп қалды", - делінген жазбада.

Қорғаныс министрлігі не дейді?
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған видео мен оқиғаға қатысты жазбаларға пікір білдірді.

"Видеода көрінген және өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкерімін деп таныстырған адам әскери қызметші емес және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне еш қатысы жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Министрлікте аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қорғаныс министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп болған жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша материалдар заңда көзделген шараларды қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданады", - деп қосты ведомство.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика