Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарлан...

Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр

Барлығы 26.11.2025, 17:00 395
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
Cурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қала тұрғындарының сұрағына жауап беріп, Алматы зообағын жаңғырту жоспары туралы жан-жақты баяндап берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, зообақ – бірегей нысан, әрі оған келіп-кететіндер саны да артып барады. Сондықтан қазіргі қоршаулардың, айналадағы аумақтар мен инженерлік инфрақұрылымның жағдайы едәуір ескіргенін, жұртқа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтінін айтады. Қазіргі қоршаулар жануарларды күтіп-ұстаудың әлемдік стандартына да сай келмейді.

«Әлемнің барлық елінде зообақтарды табиғи ортаға ұқсайтындай етіп, жан-жануарларға барынша жайлы жағдай жасап жатыр, біз де осы бағытта жұмыс істеуге бет алдық», - дейді Бейбіт Шаханов.

Қайта жаңғыртуға дайындықтың негізгі кезеңінің бірі – іргелес жер телімдерін сатып алу. Ол - инфрақұрылымды толық жаңартып, жануарларды ұстауға арналған заманға сай табиғи аймақтар құрып,  автотұрақ аумағын кеңейту деген сөз. 

«Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқан кезде климаттық жағдайы ұқсас елдердің зоопарктерін жаңғырту тәжірибесі ескерілуде. Вольерлерге қойылатын талаптар жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен әзірленген Модернизацияның мастер-жоспарында белгіленген жануарларды күтіп-ұстау стандарттарына толық сәйкес келеді. Жобалауға Еуропа мен Ресейден келген зооархитекторлар қатысуда», – деп атап өтті спикер.

Жоба бойынша жұмыс қазір басталып кетті. Келер жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу да аяқталып қалады. Ал 10 жер телімін сатып алғаннан кейін қала зоопаркті ауқымды түрде қайта құруға кіріседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зообақ #жаңғырту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Бүгін 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Бүгін 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Бүгін 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Бүгін 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика