Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сы...

Алматыда Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбы» ашылды

Барлығы 11.12.2025, 11:20 485
Алматыда Ұлттық ұлан батырлары атындағы  «Ерлік сыныбы» ашылды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласы Алатау ауданындағы Гүлнара Ахметова басшылық ететін №210 мектеп-лицейде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық және Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбының» ашылу салтанаты өтті. Бұл игі шара Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен бірлесе отырып, Алматы қалалық Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.  

Әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жерге деген құрметті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Батыр бабаларымыздың және қазіргі заман батырларының ерліктерін үлгі ете отырып, оқушыларды батылдыққа, төзімділікке, тәртіпке және жауапкершілікке тәрбиелеу. Сондай-ақ, спорттық шаралар, оқу-жаттығулар арқылы жастардың денесін шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Кәсіби бағдар бере отырып, болашақта Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтыруға дайындау, әскери мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылар салтанатты түрде ант қабылдаған соң, «Жас сарбаз» қатарына ресми қабылданып,«Жас сарбаз» гимнін орындады. 5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі патриоттық әндерді орындап,  оқушыларды рухтандыра түсті. Бұдан әрі мерекелік көңіл күймен Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбының» салтанатты ашылу рәсімі болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа сыныптың лентасын Ұлттық ұлан ардагері отставкадағы полковник Сәбит Аймағамбетов, мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Ашимбаева және Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт ғылыми-зерттеу орталығы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бөлімінің жетекшісі Марат Қанатов қиды.

Іс-шара қонақтары Отанға адал болуға ант берген жас сарбаздарға сәттілік тілеп, осындай іс-шаралардың өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін маңызын атап өтті.

          Осы мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі запастағы полковник Ниязтай Әлкешев:

- Бүгін 5 сынып оқушыларын «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбына қабылдадық. Олар жас сарбаздардың антын қабылдады. Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмыстары тоқтамайды. Арнайы бағдарлама бойынша іс-шаралар жүргізіліп тұрады. «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары мектеп бітірген соң, күштік құрылым мамандарын дайындайтын оқу орындарына түсуге жолдама алады, - деді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас сарбаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Бүгін 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Бүгін 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Бүгін 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Бүгін 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика