Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичтің Астанаға ресми сапарын жылы қабылдап, екі ел арасындағы 30 жылдық дипломатиялық қатынастың табысты дамуын атап өтті. Елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және халықаралық ынтымақтастық нығайғанын ерекше атап көрсеткен Мемлекет басшысы Александр Вучичті «Алтын Қыран» орденімен марапаттап, серіктестік пен достықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді.