AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Сыртқы істер министрі Сербия Президентім...

Қазақстан Сыртқы істер министрі Сербия Президентімен кездесті

Саясат 30.11.2023, 08:28 1,317
Қазақстан Сыртқы істер министрі Сербия Президентімен кездесті
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа ресми сапары барысында Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің қабылдауында болды.  


Кездесу барысында Сербия мемлекетінің басшысы А. Вучич екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, аса жоғары және жоғары деңгейлерде орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық құрылымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу Сербия Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізіп, Мемлекет басшысының келесі жылы Астанаға сапармен келуге шақырғанын айтты. 


Қазақстандық дипломат сұхбаттасын өзінің серб әріптесімен өткен келіссөздер жөнінде, оның барысында жан-жақты байланыстарды жандандыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілгені туралы хабардар етті.



«Астана мен Белградтың ортақ мүдделерге негізделген сенімді қарым-қатынастармен мақтануға толық негіз бар», – деді М. Нұртілеу. 



Сұхбаттастар екі елдің әскери-техникалық салада, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, білім беру және мәдениет салаларында ынтымақтастық перспективаларының бар екенін атап өтті. 


Кездесу барысында сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасу өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #СІМ #Сербия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);