Қазақстан жаңа жобаларға қажет 19 млн тонна көмірді өндіріс қуатын арттыру арқылы қамтамасыз етеді
ҚР Энергетика министрлігі вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі ірі көмір өндіруші компанияларымен кездесу өткізіп, көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа Ұлттық жобаны әзірлеу, өндіріс қуатын ұлғайту, цифрландыру және инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мәселелерін талқылады.