AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Жетісу облысының 67,2 пайызы газбен қамтылды

Жетісу облысының 67,2 пайызы газбен қамтылды

Ресми бөлім 14.04.2026, 15:14 161 yakiya
Жетісу облысының 67,2 пайызы  газбен қамтылды

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды.

Бейбіт Исабаев:

2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторға қол жеткізілгенін айтты.

Өңірге 610 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артық.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарын таныстырды.

Ауыл шаруашылығы дақылдары, соның ішінде қант қызылшасы алқабы кеңейді. Ақсу және Көксу қант зауыттарының өндірістік қуатын 2 есеге арттырып, 950 мың тоннаға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2027 жылға дейін құны 94,4 миллиард теңге болатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, құс фабрикалары, мал бордақылау алаңдары, балық және жылыжай шаруашылықтары мен басқа да жобалар бар.

Өнеркәсіп саласында соңғы үш жылда 29 жаңа нысан іске қосылып, 7 кәсіпорын кеңейтілді, соның нәтижесінде 1841 жұмыс орны ашылды.

Инфрақұрылымды дамыту жайында мәлімет берді.

Өңірді газдандыру деңгейі 67,2 пайызға жетті. «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры тартылып, 650 мыңнан астам тұрғыны бар 210 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді.

Облыстың туризм саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жалғасуда.

Алакөл, Балқаш жағалауларында туристік нысандарға баратын жолдар салынып, ауыз су, электр желісі, кәріз жүйелері тартылды. Жағалауларды бекіту шаралары қолға алынды.

Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 шақырымдық жол жаңартылып жатыр.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде үш экопарк салып, 121 мың ағаш егу көзделген.

Мемлекет басшысы:

Қытай Халық Республикасымен шекаралас «Достық» бекетіндегі және «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ Алакөл, Балқаш көлдері жағалауындағы демалыс орындарын, тау туризмін қарқынды түрде дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Инженер мен дәрігер маман жетіспей жатыр

Бүгін 11:24

Теңге ілуден Әлем Чемпионатына тұңғыш рет алматылық қыздар қатысады

Бүгін 10:12

Алматыда роботтандырылған эндопротездеу бойынша халықаралық тәжірибе алмасу өтті

Бүгін 10:02

Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні

Бүгін 09:48

БҰҰ Бас хатшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);