Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Мұны білген жөн Бүгін 12:21 56
Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында
интернет

Бүгін – халықаралық Жер-Ана күні. Жер – күллі тіршілік бастауы, адамзат ғұмырының негізгі тірегі. Ол адамзатқа өмірдің бар игілігін ұсынып, тіршіліктің тоқтаусыз ағысына негіз болып отыр.

Алайда өркениет дамыған сайын адам мен табиғат арасындағы үйлесім әлсіреу үстінде. Технологиялық жетістіктер мен өндірістің қарқынды дамуы табиғатқа түсетін салмақты арттырып, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелді. Адамзат табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, өзін оның қожайыны ретінде сезіне бастады. Ал бұл көзқарас Жер-Анаға деген жауапсыздыққа, тіпті немқұрайдылыққа ұрындыруда.

Осындай жағдайда бір сәт аялдап, табиғатқа деген қарым-қатынасымызды қайта қарасақ, болашақ алдындағы жауапкершілігімізді сезінсек, құба-құп. Бұл орайда, бүкіл әлемде аталып өтетін халықаралық Жер-Ана күні жай ғана атаулы дата емес, ол – табиғат пен адам арасындағы нәзік тепе-теңдікті қайта ой елегінен өткізуге шақыратын маңызды мүмкіндік.

Бүгінгі таңда Жер шары күрделі экологиялық дағдарысты бастан өткеріп отыр. Эколог мамандардың айтуынша, жыл сайын әлемде шамамен 10 миллион гектар орман жойылады. Бұл – табиғаттың «өкпесі» саналатын ормандардың күрт азаюы деген сөз. Сондай-ақ, биолог-ғалымдардың деректеріне сәйкес, бір миллионға жуық жануарлар мен өсімдіктер түріне жойылу қаупі төніп тұр.

Мұхиттардағы жағдай да алаңдатады. Теңіз экологиясын зерттеуші сарапшылардың пікірінше, пластик қалдықтардың көбеюі мұхит суының қышқылдануына әкеліп, теңіз тіршілігіне зор қауіп төндіруде. Мысалы, маржан рифтерінің жойылуы – осы үдерістің айқын көрінісі. Ғалымдар маржан рифтерін «мұхиттың жүрегі» деп атайды, себебі олар мыңдаған теңіз түрінің өмір сүруіне негіз болады.

Климаттың өзгеруі де – адамзат алдындағы ең үлкен сындардың бірі. Климатолог мамандар соңғы онжылдықта экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілегенін айтады. Мәселен, Жер бетіндегі ең жоғары температура +57,8°C, ал ең төменгісі −89°C болып тіркелген. Мұндай көрсеткіштер табиғи тепе-теңдіктің бұзылып жатқанын дәлелдейді.

Жер-Ана күні алғаш рет 1970 жылы АҚШ-та пайда болып, кейін бүкіл әлемге таралды. Ал 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді ресми түрде бекітті.  Сонымен қатар, Жер мен оның экожүйелері «адамзаттың ортақ үйі» екені, сол үшін табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің маңыздылығы мәртебелі жиын мінберінен баса айтылды.

Экономист және тұрақты даму саласының сарапшылары табиғатты қорғау тек экология мәселесі емес деп есептейді. Олардың пікірінше, экожүйелердің бұзылуы кедейліктің артуына, денсаулықтың нашарлауына және азық-түлік тапшылығына әкелуі мүмкін. Ал керісінше, табиғатты қалпына келтіру – экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықтың негізі бола алады. 2015 жылы қабылданған Париж климаттық келісімі де осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. 196 мемлекет қатысқан бұл келісімнің басты мақсаты – жаһандық температураның көтерілуін 2°C-тан төмен, мүмкіндігінше 1,5°C деңгейінде ұстап тұру. Климат сарапшыларының айтуынша, бұл межеден асып кету адамзат үшін орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жер – шамамен 4,5 миллиард жылдық тарихы бар ерекше планета. Оның қойнауында мыңдаған минерал түрі бар, олардың 200-ге жуығы адамзат өмірінде кеңінен қолданылады. Алайда геолог мамандар табиғи ресурстардың шексіз емес екенін ескертеді. Егер оларды ұқыпсыз пайдалану жалғаса берсе, болашақ ұрпақ бұл байлықтан қағылуы мүмкін.

Бүгінде Жер-Ана күні 180-нен астам елде кеңінен аталып өтеді. Экологтардың пікірінше, мұндай акциялар қоғамның экологиялық санасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Ағаш отырғызу, қоршаған ортаны тазарту, көлік қозғалысын шектеу – осының бәрі адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйретеді.

Сарапшылар жердің болашағы әр адамның күнделікті іс-әрекетіне байланысты екенін баса айтады және ол даусыз. Табиғатты қорғау – тек мемлекеттің немесе халықаралық ұйымдардың міндеті емес, ол – әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі.

Қазіргі кезең – адамзат үшін сындарлы шақ. Біз табиғаттың мүмкіндігін шексіз деп қабылдап келдік. Алайда бүгінгі жағдай бұл көзқарастың қате екенін анық көрсетіп отыр. Табиғаттың тозуы – жай ғана экологиялық мәселе емес, ол – бүкіл адамзат өркениетінің болашағына төнген қауіп.

Жер-Ана – өміріміздің негізі, мәдениетіміздің, болмысымыздың бір бөлігі. Сондықтан оны қорғау – тек ғылыми немесе саяси міндет емес, ол – адамгершілік құндылық.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер-Ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Бүгін 13:45

"Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған..."

Бүгін 13:07

Алматыда биыл 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 12:17

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Бүгін 11:54

Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика