Жексенбі күні Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Астанада күн ашық болады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градус, түнде +18…+20 градус болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 11 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз +30…+32, түнде +20…+22 градус жылы болады.
Шымкентте найзағай күтіледі. Жел секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +33…+35, түнде +20…+22 градус болады.