AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына...

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Экономика Бүгін 13:45 43
Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды. Онда әлеуметтік нысандарда жылуды уақтылы іске қосуға және энергия көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтауға назар аударылды.

«Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс. Жылыту маусымын уақтылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Нысандардың дайындық паспорттарын алу үшін құжаттарды тапсыру аяқталып қалды. Ертең – соңғы күн. Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек», — деп атап өтті Премьер-министр.

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жылыту бес өңірде – Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында берілгенін, аптаның соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде жылу іске қосылады деп күтіліп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, энергия нысандарында 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры дайындалды, 17 мың шақырым электр беру желісі толық жөндеуден өтті, төрт қосалқы стансадағы жұмыстар аяқталуға жақын. Жылу желілерінің жалпы дайындығы 99%-ды құрайды (377 шақырымның 374 шақырымы дайын).

Петропавл қаласында үш негізгі жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта желілерді жуу және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде. Степногорск қаласында жылыту маусымы 25 қыркүйекте басталды, шағын аудандардағы тарату желілері дайын, магистралды желілерін дайындау жұмыстары жалғасуда.

Жоспар 82%-ға орындалған Семей қаласы ерекше бақылауда тұр.

Жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылыту #әкім #Энергия #жөндеу #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15

Бизнес – экологиялық өзгерістердің серіктесі

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);