AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Жастар алғашқы Құрылтай сайлауында белсенділік тан...

Жастар алғашқы Құрылтай сайлауында белсенділік танытып жатыр

Құрылтай 23.08.2026, 14:39 209
Жастар алғашқы Құрылтай сайлауында белсенділік танытып жатыр
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жас волонтерлер азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау учаскесінде бағыт-бағдар көрсетуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін сайлау учаскелерінде жастардың белсенділігі айқын байқалады. Жас қазақстандықтар дауыс беруге келіп қана қоймай, сайлау процесін ұйымдастыруға да өз үлестерін қосып жүр. Астанада учаскелердегі жұмысқа «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері атсалысуда.

Жас волонтерлер азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау учаскесінде бағыт-бағдар көрсетуде, сондай-ақ алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлаудың маңызы туралы ақпарат беріп жатыр. Бүгін елорданың өзінде қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп клубтың 29 мүшесі жұмыс істеп жатыр.

«Бүгін біз ерікті ретінде азаматтарға көмектесіп, сұрақтарына жауап беріп, қайда бару керектігін түсіндіріп жүрміз. «Жас сайлаушылар клубы» - жастарға сайлау процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік беретін әрі оның ашықтығын арттыруға ықпал ететін бастама», - дейді клуб мүшесі Темірлан Мақұбаев.

Клуб мүшелерінің айтуынша, жастар қазірдің өзінде елдің қоғамдық өміріне белсене араласуға ұмтылып келеді.

«Біз, жастар, қазірдің өзінде Қазақстанның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрміз. Әрбір азаматтың ел болашағына өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндігі болуы керек деп санаймыз», - дейді клуб мүшесі Еркежан Қазбек.

«Жас сайлаушылар клубының» мүшесі, Нұрдәулет Мұқтарбек бүгін сайлауға келген әрбір азаматқа шын жүректен алғыс айтатынан жеткізді.

«23 тамызда әр азамат сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы маңызды. Сайлауға бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бұл – еліміздің болашағына оң өзгеріс әкелетін маңызды қадамдардың бірі» - деп бөлісті.

«Жас сайлаушылар клубы» үшін мұндай жұмыс алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Бұған дейін оның мүшелері наурыз айындағы референдум қарсаңында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға атсалысқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);