Ақсақал үшін елдің болашағы мен өскелең ұрпақтың әл-ауқаты әлі де маңызды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматының Түрксіб ауданындағы №435 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқан аға буын өкілдерінің бірі 90 жастағы ақсақал болды.
Қария жасының ұлғайғанына қарамастан, сайлау құқығын пайдалану үшін дауыс беруге келді. Ақсақал үшін елдің болашағы мен өскелең ұрпақтың әл-ауқаты әлі де маңызды.
Бүгін Алматыда алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған жастардан бастап, жасы ұлғайған қарияларға дейін түрлі буын өкілдері сайлауға қатысуда.
Еске салайық, денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын қала тұрғындары үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сайлауға қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.