Депутаттардың қабылдайтын шешімдері қаланың күнделікті өміріне әсер етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артис Сәбила Әбуева Алматыдағы №298 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін ол Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Сәбила Әбуева мәслихат депутаттарының қала тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешудегі рөлі туралы пікір білдірді.
«Мәслихатта алматылықтардың мүддесін кім қорғайтыны мен үшін маңызды. Депутаттардың қабылдайтын шешімдері қаламыздың күнделікті өміріне әсер етеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасадым», – деді актриса.
Еске салайық, Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауына 168 кандидат тіркелген. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, ал 59-ы бірмандатты сайлау округі бойынша ұсынылған.
Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бүгін қоғамдық көлікте жол жүру тегін. Сайлау туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.