AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жапондық марафоншы Юки Каваучи мәреге жеткен соң А...

Жапондық марафоншы Юки Каваучи мәреге жеткен соң Алматыдағы жаңа бағытқа баға берді

Спорт Бүгін 12:47 47
Жапондық марафоншы Юки Каваучи мәреге жеткен соң Алматыдағы жаңа бағытқа баға берді
Алматы әкімдігі

2018 жылы Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи мерейтойлық Almaty Marathon жарысында 42,2 шақырымды 2:18:55 уақытта жүгіріп өтіп, екінші орын иеленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл спортшының Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жарысы. Оның нәтижесі де, жеңімпаздың көрсеткіші де жарыстың бұған дейінгі рекордынан жоғары болды.

15-ші Almaty Marathon биыл 27 қыркүйекте Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушы – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.

Марафон барысында Каваучи де, жарыс жеңімпазы – Өзбекстаннан келген Андрей Петров та бұрынғы бағыттағы 2:19:38 рекордын жаңартты. Петров қашықтықтың 27–28-шақырымында алға шығып, мәреге 2:17:01 нәтижесімен бірінші болып жетті.

«Әрине, жеңіске жете алмағаныма аздап өкініш бар. Бірақ Қазақстанға алғаш келген сапарымда екінші орын алып, марафонды 2 сағат 20 минуттан аз уақытта жүгіріп өткенімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар менің нәтижем трассаның алдыңғы рекордынан да жоғары болды», – деді Юки Каваучи мәреге жеткеннен кейін.

Биыл 42,2 шақырымдық марафон бағыты 2018 жылдан бері алғаш рет толық жаңартылды. Қатысушылар сайысты Абай алаңынан бастап, Алматының орталық көшелері мен тарихи бөлігін басып өтіп, Республика алаңында мәреге жетті.

Жапондық спортшы жаңа бағыттың жер бедері мен көрермендердің қолдауына да жеке тоқталды.

«Жол бойындағы жанкүйерлердің қолдауы керемет болды. Бағытта ұзақ әрі бірқалыпты өрлеулер мен еңістер бар, ал тік өр жоқтың қасы. Сондықтан мен бұл трассаны әлемдік деңгейде де жылдам жүгіруге қолайлы бағыт деп санаймын», – деді ол.

Алматыға алғаш келген сапарында Каваучи Үлкен Алматы көліне де барып, оның көрінісіне ерекше әсер алғанын айтты.

Юки Каваучи 2018 жылы Бостон марафонын жеңіп, әлемге кеңінен танылды. Оның 42,2 шақырымдағы жеке рекорды – 2:07:27.

Мерейтойлық Almaty Marathon-ға барлығы 66 елден 16 мың адам қатысты. Оның ішінде 1 534-і – шетелдік жүгіруші. Марафондық қашықтыққа 1 614 адам тіркелді. Әйелдер арасында ресейлік Елена Толстых 2:47:18 нәтижесімен жеңіске жетті.

Марафоннан бөлек, бағдарламаға 21,1 және 10 шақырымдық қашықтықтар, скандинавиялық жүріс және «Экиден» командалық эстафетасы енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#марафон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Бүгін 13:00

Тоқаев қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады

Бүгін 12:40

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Бүгін 12:22

Алматыдағы корей театры 95-ші маусымын «Мұра» премьерасымен ашты

Бүгін 12:01

Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені ескеруі керек

Бүгін 11:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);