"Қазгидромет" 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі, сонымен қатар, республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел соғады деп болжанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ақмола облысы - түнде солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыста, сондай-ақ солтүстікте тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, батыста, солтүстікте және шығыста секундына 15-20 метр, екпіні 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, батыста және солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 13-18 градус жылы.
Алматы облысы - батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл соғуы мүмкін, оңтүстікте және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, батыста, шығыста, оңтүстікте және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18 градус жылы, таулы аудандарда 2-7, күндіз 25-30 градус жылы, таулы аудандарда 15-20.
Жетісу облысы - батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, солтүстікте және таулы аудандарда секундына 15-20 метр, Алакөл көлдері ауданында екпіні 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15 градус жылы, таулы аудандарда 5, күндіз 27-32 градус жылы, таулы аудандарда 22.
Түркістан облысы - түнде батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, дауыл соғуы мүмкін. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18 градус жылы, таулы аудандарда 10, күндіз 20-25 градус жылы, таулы аудандарда 15.
Батыс Қазақстан облысы - батыста, солтүстікте және оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман түседі. Жел батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, солтүстікте 1 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градус жылы.
Атырау облысы - батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14, батыста және солтүстікте екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы.
Маңғыстау облысы - күндіз батыста және оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, батыста, оңтүстікте және орталықта екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылы, күндіз 20-25 градус жылы.
Ақтөбе облысы - күндіз солтүстік-батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, батыста және орталықта екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, батыста және солтүстікте 1 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 17-22 градус жылы, оңтүстікте 25 градус.
Қостанай облысы - солтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15-20, батыста екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, батыста және солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 13-18 градус жылы, оңтүстікте 22 градус.
Солтүстік Қазақстан облысы - солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15-20, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, батыста және солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 12-17 градус жылы.
Павлодар облысы - батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, батыста 3, күндіз 13-18 градус жылы, шығыста 21 градус.
Қарағанды облысы - солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, оңтүстікте 15 градус.
Ұлытау облысы - түнде оңтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14, батыста және оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, оңтүстікте 13, күндіз 17-22 градус жылы, оңтүстікте және шығыста 27 градус.
Шығыс Қазақстан облысы - күндіз батыста және солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, оңтүстікте 13, күндіз 27-32 градус жылы, шығыста 24 градус.
Абай облысы - күндіз батыста және солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, оңтүстікте 15, күндіз 25-30 градус жылы.
Қызылорда облысы - солтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, орталықта және шығыста екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылы, оңтүстікте 16, күндіз 22-27 градус жылы.
Жамбыл облысы - батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл соғуы мүмкін, күндіз оңтүстікте және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18 градус жылы, таулы аудандарда 10, күндіз 20-25 градус жылы, таулы аудандарда 17.