конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Жаңартылған конституция қазіргі заманның үдесінен...

Жаңартылған конституция қазіргі заманның үдесінен шығады

Ресми бөлім Бүгін 10:09 36 yakiya
Жаңартылған конституция қазіргі заманның үдесінен шығады

«Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов Өңірлік коммуникациялар қызметіне Қазақстанның жаңартылған конституциясының күшіне енуіне байланысты пікір білдірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, жаңартылған конституцияның қабылдануы мемлекеттің дамуындағы заңды кезең болды. Жүргізілген реформаның ауқымы мен маңыздылығы жекелеген түзету енгізуді емес, елдің саяси және қоғамдық өміріндегі негізгі өзгерісті бекіткен жаңа негізгі заңды қабылдауды талап етті.

«Әр мемлекет өзінің тарихи дамуындағы маңызды кезеңді конституциясында бекітеді. Сондықтан жаңа негізгі заңды қабылдау уақыт талабынан туындаған қажетті қадам болды. Ол азаматтардың құқығы мен міндетін айқындап қана қоймай, еліміздің алдағы даму бағытын да белгілейді», – деді.

Ректор жаңа қоғамдық институт – Құрылтайдың құрылуына ерекше тоқталды. Оның пікірінше, бұл бастама қоғамдық диалогтың замандық тетіктерін дамытып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға деген ұмтылысты көрсетеді екен.

Саяси жүйенің дамуына тоқталған Рахман Алшанов еліміздің партиялық құрылыстың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда саяси үдерістер қарқынды дамып келеді, сондықтан жауапты, ықпалды саяси партияларға деген сұраныс арта түскен.

«Көппартиялық жүйе еліміздің белгілі бір даму кезеңінде маңызды рөл атқарды. Қазір саяси күштердің топтасып, қуатты партия құрып, мемлекет игілігі үшін нақты ұсыныс жасап, тиімді жұмыс істейтін сындарлы оппозицияның қалыптасар уақыты келді», – деп атап өтті сарапшы.

Ректордың пікірінше, алдағы уақытта саяси партиялар идеялар бәсекесіне, жауапкершілік пен қоғаммен тиімді өзара іс-қимылға негізделген кемел саяси жүйені қалыптастыру үшін күш-жігерін біріктіруі қажет.

Сөз соңында Рахман Алшанов жаңартылған Конституция елді одан әрі жаңғыртуға, мемлекеттік институттарды нығайтып, Қазақстанның саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға берік құқықтық негіз қалайтынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін 10:57

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 10:46

Алматы жастары жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады

Бүгін 10:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);