Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты...

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Мәдениет 03.03.2026, 17:14 192
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті
Архат Айтқали

Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Алматы облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ата толғауы» атты салтанатты концерт өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты концертке байланысты Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы ұжымына және кеш қатысушыларына Құттықтау хат жолдады.

«Жамбыл Жабаев – ұлт руханиятында ерекше орны бар тарихи қайраткер, төл мәдениетіміздің аса көрнекті өкілі. Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты», - делінген хатта.

Концертте Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Филармония жеке орындаушылары, Алматы облысының өнерпаздары қатысты.

Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті мен өнері халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдігі, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Концерттік бағдарлама аясында «Отырар сазы» оркестрі мен Алматы облысының өнерпаздары бір сахнада өнер көрсетіп, М. Маңғытаевтың, Е. Үсеновтің және Л. Хамидидің шығармаларын орындады. Сонымен қатар биыл туғанына 165 жыл толып отырған күй анасы Дина Нұрпейісованың мұрасы да ұлықталып, Баян Сәтқызының орындауында «Науысқы» күйі тартылды.

Кеште Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев Жамбылдың «Жиырма бес» әнін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кешке Қырғыз Республикасының Халық әртісі Бақытбек Тілегенов бастаған өнерпаздар арнайы қатысып, қазақ пен қырғыздың тамырлас тарихын әсем әуенмен өрнектеді.

Филармония фойесінде Жамбыл музей-үйімен бірлескен көрме ашылып, келушілер жыр алыбының көзін көрген құнды экспонаттарды тамашалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл Жабаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Бүгін 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Бүгін 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Бүгін 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Бүгін 18:57

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика