AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Зерделі ұлт қалыптастырудағы маңызды қадам – Ғалия...

Зерделі ұлт қалыптастырудағы маңызды қадам – Ғалия Тоқабаева

Білім және ғылым Бүгін 10:27 46 Сұлу
Зерделі ұлт қалыптастырудағы маңызды қадам – Ғалия Тоқабаева
Автор ұсынған сурет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, білімге құштар, ойы терең ұрпақ қалыптастыруға серпін бермек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаеваның айтуынша, Мемлекет басшысының бұл шешімі уақыт талабынан туындап отыр. Себебі қазіргі қоғамда ақпарат көп болғанымен, оны терең саралау, ой елегінен өткізу мәдениеті әлсіреп барады.

«Бүгінде жастар арасында қысқа ақпаратқа тәуелділік күшейіп келеді. Осындай кезеңде кітап оқуды ұлттық деңгейде қолдау – болашақ үшін жасалған маңызды қадам. Кітап – адамды рухани байытатын, дүниетанымын кеңейтетін, саналы ойлауға тәрбиелейтін ең үлкен құрал», – дейді Ғалия Тоқабаева.

Оның пікірінше, кітап оқитын адам әрқашан ізденісте болады, ойын еркін жеткізе алады және қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасады. Сондықтан Президент көтерген «Зерделі ұлт» идеясы – бүгінгі дәуірдің нақты сұранысына жауап беретін бастама.

Жарлықта кітапханаларды жаңғырту, цифрлық кітапхана құру, жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл өз кезегінде кітапхана саласына тың серпін беріп, оқырманға жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Қазіргі кітапхана тек кітап сақтайтын орын емес. Ол – білім мен мәдениеттің, рухани дамудың орталығы. Сондықтан кітапханаларды жаңғырту, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту – оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайта түседі», – дейді кітапхана директоры.

Ғалия Тоқабаева ұлттық әдебиетті қолдау мен қазақ қаламгерлерінің шығармаларын кеңінен насихаттау мәселесінің де маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, өскелең ұрпақ ұлттық әдебиет арқылы елдің тарихын, руханиятын және мәдениетін терең таниды.

Сондай-ақ «Жылдың 10 оқырманы» секілді жобалар жастардың кітапқа қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Кітап оқитын қоғам ғана дамыған, саналы, бәсекеге қабілетті мемлекет құра алады. Сондықтан Мемлекет басшысының бұл Жарлығы – елдің интеллектуалдық болашағына бағытталған маңызды бастама», – деді Ғалия Тоқабаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #кітап оқу #Зерделі #Ұлт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды

Бүгін 11:07

Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды

Бүгін 11:03

«Көшпенді мұрасын күллі әлемге танытқым келеді» - шебер  

Бүгін 10:36

«Музей түні» акциясы аясында Алматы музейлеріне 28 мыңнан астам адам келді

Бүгін 10:08

"Халық әуені" әуелейтін мереке

Бүгін 09:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);