Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинақтарын пайдаланғандардың көбі алматы...

Зейнетақы жинақтарын пайдаланғандардың көбі алматылықтар

Әлеумет 11.05.2022, 09:27 913
Зейнетақы жинақтарын пайдаланғандардың көбі алматылықтар
Сурет: Kapital.kz

Екінші орында астаналықтар тұр.


2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz.


 Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.



«Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,74%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,52%), Маңғыстау облысының (10,40%) тұрғындары тарапынан жолданған. Айта кетерлік жәйт, 2022 жылдың сәуір айында (01.04.22-30.04.22) жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге барлығы 3 276 өтініш орындалды», – деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.



Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 422,0 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.



«Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 295,9 млрд теңгеге 383 191 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан 28,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат салымшының өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. 2022 жылдың сәуір айында (01.04.22-30.04.22) жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 2 195 өтініш орындалды», – деп хабарлады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.



2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5 869 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #Қазақстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика