AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Заңсыз алтын өндіруден қанша шығын келді

Заңсыз алтын өндіруден қанша шығын келді

Әлеумет 28.03.2024, 09:44 1,031
Заңсыз алтын өндіруден қанша шығын келді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанда алтынның заңсыз айналымы фактілері бойынша 2020 жылдан 2023 жылға дейін 7 қылмыстық іс тергелді, оның төртеуі сотқа жіберілді.


Шығын 1,5 млрд теңгеден асты. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына осы мәселе бойынша сауал жолдады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 




Бас прокуратураның мәліметінше, кейінгі 4 жылда ішкі істер органдары бағалы металдардың заңсыз айналымы мен өндірілуі және ұрлануына қатысты 133 қылмыстық құқық бұзу дерегін тіркеген. Қазіргі кезде еліміздің аумағында 42 алтын өндіруші кәсіпорын бар. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша 2020-2023 жылдар аралығында алтынның заңсыз айналымы деректері бойынша 7 қылмыстық іс тергеліп, 4 іс сотқа жолданды. Шығын 1,5 млрд теңгеден асты», - деді Андрей Лукин.



Депутат Ақмолада облысындағы Бестөбеде заңсыз алтын іздеушілер тапқан алтын өнімдерін сатып алумен айналысатын қылмыстық топты жою туралы 2023 жылдың қараша айындағы істі мысалға келтірді. Осы алтыннан жасырын цехтарда жасалған бұйымдар белгілі брендтердің атауымен Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылатыны анықталды. Тінту барысында 1 келіден астам алтын мен 100-ден астам түрлі заттар тәркіленді. 


Сенатор мұндай заңсыздықпен күресу үшін алтын кеніштеріне бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті.




«Есептеу кезінде заңды өндірілген әрбір үш тонна алтын шамамен заңсыз өндірілген бір тоннамен қатар жүретін болып шықты. Бұл көрсеткіш еліміздің ауқымында жылына шамамен заңсыз өндірілген 25 тонна алтын көлеміне тең. Бұл мәселені шешудегі негізгі шаралардың бірі – объектілерде бақылауды күшейту. Оның ішіне қосымша бейнебақылау камераларын орнату, шахта ұңғыларына талшықты-оптикалық желі байланысын салу, кіру алаңына бақылау жүйесін енгізу, тексеру кешенін пайдалану, қосымша қоршау орнату, адамдарды автоматты түрде анықтайтын құралдарды енгізу және басқа да қауіпсіздік шаралары кіреді», - деді сенатор.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #алтын #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика